Талдықорғанда «Бухгалтерлер ісі» апелляциялық сотта қайта қаралды
Талдықорғанда атышулы «Бухгалтерлер ісі» апелляциялық сотта қайта қаралды.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, 4,5 млрд теңге жымқырған мектептің 20 есепшісіне 7-15 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Жетісу облысының апелляциялық сот алқасы осы үкімді өзгертіп, екі айыпталушының жазасын жеңілдетті. Яғни Шарипова мен Барғанаеваның келтірген шығынды толық өтеуіне байланысты жетіжылдық мерзімін шартты түрдегі жазаға ауыстырды. Қалған 18 адамға қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Айыпталушылардың адвокаты қылмыстық істегі «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру» бабын өзгертуді сұрап отыр.
Бауыржан Балтабаев, қорғаушы:
- Негізі "ОПГ" деген сөз бұл жерде болмау керек еді. Меніңше, «хищение» болатын еді. Әркімнің өзінің қанша жасағанын қарау керек еді. Бұл әйелдердің әрбірінде 4-5 баласы бар.