Ақмола облысында тасқынға қарсы күреске бөлінген қаржыны қолды еткендер ұсталды
Жемқорлыққа қарсы күрес өз елімізде де қарқынды жүріп жатыр. Ақмола облысында су тасқынына қарсы күреске бөлінген 600 мың долларды қолды еткен күдіктілер ұсталды. Атбасар аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен жауапкершілігі шектеулі екі серіктестік өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыстық прокуратураның дерегінше, олар 3 жыл бұрын 200 отбасын су басу аймағынан көшіруге бөлінген қаржыны қалтаға басқан. Ол кезде Үкімет резервінен 100 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйді сатып алу үшін қомақты қаржы бөлінген еді. Қазір екі күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, ал үшінші күдікті үй қамағында. Іс сотқа жолданды.