Антикор бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі ұсталды
Антикор бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі Дәуренбек ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Қазір күдіктіге қатысты іс тергелуде. Дәуренбек Қожабаев қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін қаладағы орта мектептердің бірінің директорынан пара алды деген күдікке ілінген еді. Дегенмен тергеуден қашуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еске сала кетейік, былтыр Мақсат Қожабаев аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталып, 5,5 жылға бас бостандығынан айырылған.