Павлодардағы пансионатта мүгедектігі бар зейнеткерлерді ұрып-соққан
Павлодарда «Радость» пансионатының қызметкерлері мүгедектігі бар зейнеткерлерді ұрып-соғып, азаптап келгені анықталды.
Қалалық прокуратураның Полиция департаментімен бірлесіп жүргізген тексеруі кезінде мекеме мамандарының алаяқтықпен де айналысқаны әшкере болды. Олар қайтыс болған адамдардың пәтерін ұзақ уақыт жалға беріп келген. Ең сорақысы, қариялардың ас ішуіне, тіпті жүріп-тұруына дейін шектеу қойылған. Прокурорлардың айтуынша, 20 адам жапа шеккен.
Ерлан Түлеков, облыстық прокуратураның ресми өкілі:
- Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.