₸10 млн жымқырған күдікті ұсталды
«Тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз» деп, артынша Беларуське қашып кеткен күдікті елге жеткізілді. Бас прокуратура мәліметіне сәйкес, ол 2022-23 жылдары Түркістан қаласында сыбайластарымен «кәсіп ашуға берілетін грантты әпереміз» деп 13 адамды сан соқтырған. Жалпы шығын көлемі - 10 миллион теңге. Сыбайласы дер кезінде сотталған. Ал елден қашқан алаяққа халықаралық іздеу жарияланған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Енді үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әсел Берқалиева, ҚР Бас прокуратураның өкілі:
-Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы 3 жылдан-7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.