Жеңістің 70 жылдығына орай қолжазба жинақтарының байқауы өтті
Байқауға жас жеткіншектер күшімен дайындалған 300-дің үстінде жұмыс тапсырған. Алайда қазылар алқасының талқысынан өткен 78-і ғана үздік деп танылды.
Сайыс жеңімпаздары алғысхат, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік жұмыстардың қатарында 5-ші сынып оқушысы Әлихан Бақытжановтың танк түрінде жасаған альбомы да бар. Шәкірт өз атасының Украина майданында от кешкенін, Мәскеу түбінде қатты жараланғанын, бірақ елге жеңіспен оралғанын мақтаныш етеді.
Әлихан Бақытжанов, байқауға қатысушы
-Батыр атаның шөбересі болғанымды мақтан етемін. Ол өз елін қорғау үшін көп тер төкті. Менің атамның өмірі өз елімді қорғау, батыр болу, тәуелсіз қазақстанның ұлы жауынгері болуға сабақ береді деп ойлаймын.
Мейрамгүл Есболатова, Х.Есенжанов атындағы СҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі
-Байқаудың тәртібі бойынша, барлық облысымыздың түкпір-түкпірінен балалар өз аталарының ерлігі жөнінде қолжазба кітап дайындау керек болды. Бұл кітапты дайындағанда біздегі талап қолжазба кітап қолжазба түріндегі мәтіннен және иллюстрациядан тұруы керек болды. Және бұл қолжазба кітапты дайындағанда, біз балалардың қиялына шектеу қойған жоқпыз.