270 ардагер Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысады
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова ОКҚ өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, Қызыл алаңға жол жүретін ардагерлерге 6 көмекші бекітіліп отыр. Қариялардың салтанатты шараға барып, келуіне ел қазынасынан 61 млн теңге бөлінген. Бұдан бөлек жыл сайын берілетін біржолғы материалдық көмекті биыл Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерi де алады.
Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары
-Біздің ардагерлерге бiржолдық материалдық көмек көрсету мақсатында республикалық бюджеттен 5 млрд 800 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылды. Осы мамыр, маусым айларында бiржолдық өтемақылар төленедi. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 100 мың теңге беріледі. Және де Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң екiншi рет некеге отырмаған жесiрлерiне 30 мыңнан төленеді.