Белоруссиядан басталған Жеңіс эстафетасы ШҚО-ға келді
Шараның мақсаты – мемлекеттік шекараны қорғайтын жауынгерлердің ерлігін насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сондай-ақ татулық пен бірлікті ту еткен Достастық елдерінің ынтымағын нығайту.
Бүгін Ресей шекарашылары эстафета нышанын Шығыс Қазақстанның Шемонаиха ауданындағы «Уба» бақылау-өткізу бекетіне жеткізді. Эстафетаны салтанатты қабылдау Өскемендегі Даңқ мемориалы алдында өтті. Бізге жеткен эстафета тағы 4 елде болып, Мәскеу қаласына жеткізіледі.
Нұрлан Керімбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметі бас басқармасы басшысының орынбасары
-2 ақпанда Белоруссияның Брест қаласында басталды. Содан соң Ресей Федерациясынан өтті. Бүгін сыртқы шекара бойынша ТМД елдерінен өтеді. Сосын Өскемен, Астана, Алматы, Қордай, Тараз қаласынан өтіп, 2 мамырда қырғыз шекарашыларына береміз.