Атыраулық ардагерлерге мерейтойлық медальдар табысталды
Бүгінде Атырау қаласында 52 Ұлы Отан соғысының және 1600-ден аса тыл ардагерлері тұрады. Жергілікті атқарушы билік оларға мемлекеттік марапатқа қосымша қаржылай көмек көрсетті.
Сондай-ақ барлық майдангердің үйлері тегін жөндеуден өткізілуде. Алды 90 жасты толтырып, соңы 80-нің сеңгіріне шыққан аға буын өкілдері өздеріне көрсетіліп жатқан осынау қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді.
Жәрдем Бекмағамбетов, Ұлы Отан соғысының ардагері
-Біздерді құрметтеп жатыр, көп-көп рахмет. Елді, жерді қорғау, кейінгі өсіп келе жатқан жастарды қорғау үшін соғыстық. Енді соғыс болмасын. Жастарымызға бақыт берсін, өмір берсін. Қазақстанымыздың алдыңғы қатарлы мемлекет болуына тілектеспін.