Хабар телеарнасы

Іс-түзсіз жоғалып кеткен ардагердің әскери медальоны табылды

Жұмабай Бектұрсынов майдан даласында 1942 жылы хабар ошарсыз кеткен. 2012 жылы ресейлік іздестірушілер майдангердің сүйегін Павлодар облысы Қашыр ауданына жерлегенін бұған дейін айтқанбыз. 

Ал табылған медальонда Жұмабай Бектұрсыновтың 1280 атқыштар дивизиясының құрамында болғаны туралы жазылған.

Рүстем Тыштықов, Павлодар облыстық әскери даңқ мұражайының меңгерушісі

-Бұл медальонды бізге ардагердің немересі әкеліп тапсырды. Қағазда майдангердің үйінің мекен жайы, өзі туралы мәліметтер жазылған. Бұл жәдігерді Ресейлік «Фронт» іздестіру жасағы қазба жұмыстары кезінде тауып, майдангердің жақындарына тапсырған. Енді бұл жәдігер біздің әскери даңқ мұражайында көздің қарашығындай сақталатын болады.