Валентин Арапов: Қазақ сарбаздарынан құрылған кавалерия дивизиясының ерлігіне бас иемін
Солардың бірі – Валентин Арапов. Қарт майдангер соғысқа 20 жасында аттанған. Артиллерист 73-ші Сталинград-Дунай атқыштар дивизиясының құрамында болып, Румыния, Болгария, Югославия және Венгрияны азат етуге қатысқан. 1942 жылы Украинадағы Харьков түбіндегі шайқаста ерлікпен көзге түскен. Майдангер соғыс кезінде қазақ сарбаздарынан құрылған 106-шы кавалерия дивизиясының ерлігіне тәнті болғанын айтады.
Валентин Арапов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
- Жаудың қолында пулемет, автомат болды. Біздің жауынгерлеріміздің қолында қылыш қана. Кавалерия дивизиясының ерлігіне бас иемін! Отан үшін отқа түскен жерлестеріміздің ержүректілігін бүгінгі ұрпақ жадынан шығармауы керек.