Семейде ұлттық гвардия ардагері Николай Косачёв 100 жасқа толды
Қарт ардагерге грамоталар мен естелік медальдар тарту етілді. Мерейтой иесінің айтуынша, спортпен шұғылдану оның ішкі әскерде қызмет етуіне жол ашыпты. Ал Ұлы Отан соғысы жылдарында Николай Косачёв НКВД дивизиясы құрамында Ленинград майданына аттанады. Онда Николай ақсақал стратегиялық маңызы бар нысандар мен сотталғандарды күзетіпті. Қазіргі күнде жасына қарамастан майдангер қария үй тірлігіне белсене араласады екен.
Николай Косачёв, Ұлттық гвардия ардагері
-Мен өмір бойы жұмыс істеп келемін. Ұзақ жасағанымның бір себебі де осы болар. Жас кезімде Өскемен Су электр стансасының құрылысына қатыстым. Одан кейін, Серебрянск қаласын тұрғыздық. Онда мен келгенде жалғыз-ақ үй тұрған еді. Одан соң бүтін бір қаланы салып шықтық. Сондықтан еңбек түбі – зейнет дер едім.