ҰОС ардагері Кәмкетай Байыров Жеңістің 70 жылдығын асыға күтуде
Кәмкетай Байыров, Ұлы Отан соғысы ардагері
- Бірден Ленинградқа бардым. Ленинградқа барсам, қаланы немістер зеңбіректен атқылап жатыр. 16 мемлекеттің арқасында, халықтың бірлігімен біз немістерді жеңдік қой.
Кәмкетай ақсақал Елбасының өзінен құттықтау аламын деп еш ойламапты. Президенттің қамқорлығына дән риза болған қария, ардагерлерге бүгінде елеулі көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Кәмкетай Байыров, Ұлы Отан соғысы ардагері
- Президентіміз Отан соғысы ардагерлерін өте бағалайды. Бізді сыйлайды. Президентіміз жылдан-жылға мемлекетімізді басқарып, біздің мемлекетіміз енді алдыңғы орында келе жатыр. Басқа мемлекетке қарағанда.
Майдангер қарт осыдан 5 жыл бұрын мемлекеттен екі бөлмелі пәтер алған екен. Қазір немере-шөберелерін тәрбиелеуде. Енді Кәмкетай ақсақал Жеңістің 70 жылдығын тойлайтын мезгіл көктемді асыға күтуде.
Авторлары: Сәруар Қабдолла, Медет Өмірханов