Ардагер Р.Сергиенко жаңажылдық басты құттықтауын алды
Жасы 90-ға таяған ардагер әлі де тың, қаладағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүреді. «Президенттің сәлемдемесі күтпеген тосын сый болды», - дейді ол.
«Майдандас достармен түскен бұл фотосурет – соғыс жылдарынан қалған жалғыз естелік», - дейді ардагер.
Рашида Сергиенко қаршадай жасында қолына қару алып, соғысқа аттанған. Сөйтіп, Украина түбіндегі кескілескен ұрыстан бірақ шығады.
Рашида Сергиенко, ҰОС ардагері
-Мен соғыста радист болдым. Командирдің бұйрығымен талай қиын тапсырмаларды бұлжытпай орындадым. Әйтеуір майдан даласынан елге аман оралдық қой.
Жақында ғана 89 жасқа толған қарияны құттықтап жатқандар өте көп.
Рашида Сергиенко, ҰОС ардагері
-Елбасына алғысым шексіз. Бізді ұмытпай, құрмет көрсетіп жатқанына ризамын. Елімізде тек тыныштық болсын.
Ардагер соғыстан оралған соң да еліміздің дамуы жолында аянбай тер төккен. Тігін фабрикасында зейнетке шыққанша еңбек етеді. Ал қазір балаларынан тараған немере-шөбересінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан жайы бар.
Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин