Хабар телеарнасы

Маргарита Гриценко жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Маргарита Гриценко

Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы екі медаль түсті. Солардың бірін 78 келіге дейінгі салмақта белдескен дзюдошы қыз Маргарита Гриценко жеңіп алды.

Маргарита алғашқы белдесуінде эквадорлық балуанды, жартылай финалда чехиялық қарсыласын жеңген.

Алайда финалдық сында неміс қызы Рафаелла Иглдан ұтылып қалды.

«Алтын үшін сәл ғана күшім жетпей қалды. Маған жанкүйер болып, тақым қысқан барша ағайынға рахметімді айтам. Мұнымен тоқтап қалмайтыным анық. Мақсатым – алтын медаль. Өз қателіктеріммен жұмыс істеп, келесі жолы жеңу үшін барымды саламын. Алғашқы екеуіне қарағанда финалдағы қарсыласым мықты болды. Бірақ бұл менің әлсіздігімді білдірмейді. Оны да жеңуге болады», – дейді Маргарита.

Осылайша, Маргарита Гриценко жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 100 келіге дейінгі салмақта Бекарыс Сәдуақас еліміздің Әнұранын әлем алдында шырқатқан болатын.

Ақпарат көзі: olympic.kz