Хабар телеарнасы

Дамир Тойбай бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері

Дамир Тойбай

Бокстан аса ауыр салмақта сынға түскен Дамир Тойбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Финалда Дамир ресейлік Алексей Дроновпен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек бойына қарсыласына соққы жаудырғанына қарамастан Дамир төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Есеп: 4:1.

«Мен бар күшімді салдым. Оны қуалап жүріп ұрдым. Қарсыласым мені құшақтап, мойныма асылумен ғана болады. Соның өзінде төрешілер жеңісті маған берген жоқ. Енді қалай дәлелдеу керектігін білмеймін. Кездесу барысында оның бір ғана соққысы дарыды маған. Оны мойындаймын. Ал қалған кезде мен басым болған едім. Төрешілердің пікірі басқа болып шықты», – дейді Дамир Тойбай.

Ақпарат көзі: olympic.kz