Хабар телеарнасы

«Алғашқы 3»

Өмірдің әр шағы есіктер деп елестетейікші. Әр есіктің ар жағында танымал азаматтардың балғын балалық шағы, жалындаған жастығы, алғашқы жеңісі мен жеңілісі, қуанышы мен қайғысы, өкпесі мен өкініші, жұбанышы мен жеткен жетістігі жасырылады. Есікті ашқанда «Алғашқының» кейіпкері бала шақтағы ойыншық, тұңғыш автокөлік, анасының көзіне айналған бұйым, қара шаңырақтан сыр шертер жиһаз, тіпті алғашқы ұстаз бен хабарсыз кеткен танысын көріп, таңғалады. Сондай-ақ арманын шындыққа айналдырып, өмірінде алғаш рет ерекше қадам жасайды. 

Бағдарлама жүргізушісі: Аман Тасыған