Хабар телеарнасы

«Tόrletińiz»

Torletiniz bagdarlamasy

«Tόrletińiz» – ойын-сауықтық, ақпараттық-сазды сипаттағы танымдық сыр-сұхбатқа құрылған көңілашар жоба.

Бағдарлама мақсаты:

  • ақпаратпен қамтып, сазбен сусындата отырып, қоғамда болып жатқан түрлі қызықты жаңалықтар мен елең еткізер оқиғаларды ұсыну;
  • елімізге белгілі, ең беделді тұлғалардың өміріндегі, өнеріндегі жаңалықтармен көрерменді таныстыру;
  • еңбегі құрметке лайық жандарды үлгі ету.

Бағдарламаның ерекшелігі: ел арасында талқылауларға ие болып жүрген жандар қонақ ретінде шақырылып, сұхбат береді. Бағдарламаға келген мейман қонақкәде ретінде өз өнерін көрсетеді.