«Хабар» Агенттігі » АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
1975 жылы 9 қаңтарда туған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетін «Шығыстанушы-тарихшы» мамандығы бойынша, 2009 жылы Орталық Азия университетінің экономика факультетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі: 1996-1999 жж. аудармашы болып жұмыс істеді.
1999-2000 жж. – «НТК» телеарнасында тілші, шығарушы редактор, 2000-2005 жж. - «Алматы – Оңтүстік астана» телеарнасында тілші, шығарушы редактор, бағдарламалардың жүргізушісі.
2000-2011 жж. – «Русское радио Азия» журналисі, жауапты редакторы, бас редакторы.
2005-2010 жж. - «Хабар» телеарнасында «Ақшаң болса» бағдарламасының жүргізуші-редакторы, «Қазақстан» телеарнасындағы «Капитал әліппесі» және «Бизнес ақпарат» бағдарламаларының жүргізуші-редакторы.
2011-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз хатшысы.
2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің бас сарапшысы.
2016-2017 жж. – «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының PR-менеджері.
2017-2018 жж. – «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының Стратегия және бизнесті дамыту департаментінің бас менеджері.
2017-2019 жж. – «Qazaqstan» телеарнасы Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсер-жүргізушісі.
2019-2020 жж. – «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма кеңсесінің бас менеджері.
2020-2022 жж. – «ҚазАэроНавигация» РМК бас маманы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі.
05.2022-08.2022 жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ Стратегиялық даму және медиажоспарлау департаментінің директоры.
2022 жылғы 4 тамыздан «Хабар» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. «Хабар», «24KZ» телеарналарының, өңірлік тілшілер желісі департаментінің, Қоғамның Алматы филиалының, дизайн және ТВ графика департаментінің, өндірістік дирекцияның, бас режиссердің, бас продюсердің, халықаралық ынтымақтастық, дистрибуция және сатып алу бөлімінің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді.
Мемлекеттік және ведомстволық наградалар:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Алғыс хаты - 2021 ж.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты – 2019 ж.,
«Назарбаев Университеті» Президентінің Алғыс хаты – 2017 ж.,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаты – 2012 ж.,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы – 2011 ж.
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.