02:50Эфирде:ҚР Әнұраны
06:00 Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» арнасының мамандары студенттермен тәжірибе бөлісті

ENU
ENU

«Хабар» Агенттігі мамандарының Еуразия ұлттық университетіндегі онлайн сабақтарына бірнеше тақырып арқау болды.

Олар: Кадрда және кадрдан тыс жұмыс істеу, көрермен көңілінен шығып, сапалы контент дайындау.

Журналистика факультетінің студенттері мен мектеп түлектері кәсіби мамандармен тілдесіп, саладағы тың жаңалықтармен танысты. Еуразия ұлттық университеті биылдан бастап студенттерге спорт журналистикасын оқытуды жоспарлап отыр. Осы бастаманың бір көрінісі кешелі бері өтіп жатқан онлайн дәрістерге «Хабар» арнасының спорт бағдарламалары бөлімінің басшысы Асхат Жақаев пен спорт комментаторы Ермұхамед Маулен қатысты. Олар отандық спорттың тарихы мен қазіргі жайын әңгімеледі.

Ермұхамед Мәулен, «Хабар» телеарнасының спорт комментаторы:

- Спорт журналисі болу үшін бүкіл спорт түрлерін, ең болмағанда, қарапайым тәртіптерін жақсы білу керек. Қазір оған қоса географияны, сол мемлекеттердің ұстанатын дінін, жергілікті табиғат ерекшеліктеріне дейін білу керек. Оны білмесеңіз, спорттағы қызықты жағдайларды нақышына келтіріп жаза алу немесе айта алу өте қиын. Сондықтан көп жағдайда спорт журналистері спорттың өзімен ғана шектелмей, жан-жақты болып келеді.

Тағы бір дәріс телеарнадағы режиссердің рөліне арналды. «Хабар» арнасының бас режиссері материалдың дайындалуынан бастап эфирге шыққанға дейінгі үдерісін кезең-кезеңімен түсіндірді. Ал студенттер сапалы контент дайындауға қатысты сауалдарын қойды.

Зохиджон Хаджиметов, «Хабар» телеарнасының бас режиссері:

- Эфирдің алғашқы 7 секундында көрермен назарын аудару маңызды. Телеарналарға арналған контент дайындаушылардың басты міндеті – осы. Мысалы, бейнебаянда Димаш Құдайберген болса, көрермендер оған бірден көңіл аударады. Ал дәл қазіргі болып жатқан жағдай туралы ақпаратқа бәрі бірдей зер сала бермеуі мүмкін.

Онлайн сабаққа арқау болған тағы бір бағыт – отандық арналардың техникалық мүмкіндіктері мен мазмұны. Осы орайда лекторлар бізде контент жағының кенжелеп қалғанын айтады. Бірақ жобалардың көрерменнің сұранысына сай жасалатынын да тілге тиек етті. Еске салайық, шеберлік сыныптары «Хабар» Агенттігінің 25 жылдығы мен Еуразия ұлттық университетіндегі Журналистика және саясаттану факультетінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Айдос Меделбеков

 

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...