Көктеммен бірге «Хабар» мен 24KZ арналары да жаңа маусымды жаңаша қарқынмен бастайды

Көктеммен бірге «Хабар» мен 24KZ арналары да жаңа маусымды жаңаша қарқынмен бастайды
  • 23
  • 05.03.2026, 10:22

Бұл жолы басты назар көрермен сенімі, ашық әңгіме және терең талдау. Эфир кестесі жаңарып, студиялар мен бағдарламалардың форматы өзгерді. «Өмір өрнегі», «ХХІ ғасыр Көшбасшысы», «Азамат», «Қоғам пікірі», «Көзқарас», «Өзекті», «Жеті күн», «ОйнаIQ» жобалары жаңа реңкпен жалғасады, деректі фильмдер легі де көрерменге жол тартады.

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев бүгінгі аудитория күрделі мәселелердің анық әрі әділ сараланғанын қалайтынын атап өтті. Сондықтан мазмұн ашық пікір алмасуға құрылып, көрерменмен байланыс бұрынғыдан да нығая түспек.

24KZ арнасында да жаңа жобалар бар. «Ел Алдында» ток-шоуында жауапты тұлғалар халық сауалдарына тікелей эфирде жауап береді. Журналист Асқар Меңдібаев жүргізетін «Приоритеты», халықаралық тақырыптарды қозғайтын «Alem Talk», фактчекингке арналған «Анық Time» және «Тең мүмкіндік / Разные-Равные» бағдарламалары көрерменге ұсынылады. Сонымен бірге цифрлық бағыт күшейіп, подкасттар, Instagram-сериалдар және «Қонақжай» жобасы іске қосылады.
Жалпы, жаңа маусым – мазмұны терең, тілі қарапайым әрі көрерменге жақын жобалар кезеңі болмақ.