Асқақ арман мен үлкен сынақ: "Хабар" "XXI Ғасыр көшбасшысын" жалғастырады

Асқақ арман мен үлкен сынақ: "Хабар" "XXI Ғасыр көшбасшысын" жалғастырады
  • 7
  • 27.03.2026, 16:09

Қазақстандық оқушылардың бірнеше буыны армандаған, талай дарынның жұлдызын жаққан "XXI ғасыр көшбасшысы" зияткерлік жобасы қайта эфирге оралады. Жаңа маусым 28 наурыздан бастап әр сенбі сайын сағат 14:00-де "Хабар" арнасында көрсетіледі.

Биыл жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 20 мыңнан астам оқушы қатысуға ниет білдірді. Іріктеудің бірнеше кезеңінен өткен 108 үздік оқушы ғана эфирге жолдама алды. Бұл — білім мен табандылық сынға түсетін ең шешуші сәт.

Жаңа маусымның басты ерекшелігі — инновация. Шешуші кезеңдегі сурет-сұрақтар алғаш рет жасанды интеллект көмегімен әзірленді. Бұл жоба форматының жаңарып, заманауи технологиялармен үндескенін көрсетеді.

Финалда қатысушылар Сүлейман Демирел университеті (SDU), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ гранттары мен ақшалай сыйлықтарды жеңіп алуға мүмкіндік алады.

"XXI ғасыр көшбасшысы" — бұл жай ғана телевизиялық ойын емес. Бұл — Қазақстанның жаңа интеллектуалдар буыны қалыптасатын алаң.

Сенбі, 14:00 — "Хабарды" қосуды ұмытпаңыз!

Білімді бол, көш баста!