Загоскина Зинаида Петровна

1953 жылы туған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:Алматы халық шаруашылығы институты(1976 ж), мамандығы «Қаржы және несие».
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
1975-1976 жылдары Жезқазған облыстық қаржы бөлімініңаға экономисі;
1976-1988 жылдары Қазақ КСР Қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші экономист қызметтерін атқарды;
1988-1990 жылдары Денсаулық сақтау басқармасының Консультативтік-диагностикалық орталығында бас есепші қызметін атқарды;
1996-2011 жылдары ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойыншаЕсеп комитетінің мүшесі;
2011 жылғы маусымнан осы уақытқа дейін «Назарбаев Университеті» ДББҰ Ішкі аудит департаментінің директоры;
2016 жылғы 11 қарашада «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып сайланды;
2021 жылғы 7 маусымда «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып қайта сайланды.
Кәсіби біліктілігі:
CIA, DipFRA, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудиторы, Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері.
Басқа атқаратын қызметтері:
«Хабар » Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесі Аудит комитетінің төрағасы.
АМАНАТ партиясы бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Аудиторлар алқасының мүшесі, Қазақстанның ішкі аудиторлар институтының мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
«Құрмет» ордені (2009); «Еренеңбегі үшін» медалі (2003ж.) және төрт мерейтойлық медаль.
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.