Танысбай Ләззат Мұратқызы

Танысбай Ләззат Мұратқызы

Директорлар кеңесінің мүшесі

1973 жылы 11 қазанда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Алматы халықаралық журналистика институты

Халықаралық бизнес университеті (МВА дәрежесі).

Еңбек өтілі

1993 жылы Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясында редактор қызметінен бастады, одан кейін репортер және тележүргізуші қызметін атқарды. «Хабар» Агенттігінің іргетасы қаланған күннен бастап (1996 ж.- 2002 жылға дейін) жаңалықтар қызметінің редактор-жүргізушісі, атқарушы продюсері болып еңбек етті.

2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, Бас инспектор қызметтерін атқарды.

2005 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды.

2008 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың қарашасына дейін – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Еліміздегі бірінші балалар арнасы «balapan» телеарнасының ашылуына атсалысқан.

2011 жылы ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі болып тағайындалды.

2012 жылдың ақпанында «Астана қ. теледидары» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды. 2018 жылдың 5 шілдесінен бастап «НҰР-Медиа» холдингін қатар басқарды.

2019 жылдың сәуірінен 2025 жылдың тамызына дейін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы қызметін атқарды.

2025 жылдың 18 тамызынан «Евразия» телеарнасы» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

2026 жылғы 31 тамыздан бастап «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы.

Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері (2010), Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2015), сондай-ақ, Қазақстандық журналистика мен ұлттық телевизияның дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2018). «Парасат» орденінің иегері (2026).

2026 жылғы 02 қазанда Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен (№ 477-НҚ бұйрық) «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.