Директорлар кеңесінің мүшесі
1973 жылы туған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
1994 ж., Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы
2004 ж., Қазақ гуманитарлық-заң университеті
Еңбек өтілі
1995 жылдан бастап 2010 жылдарға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әр түрлі лауазымда қызмет еткен.
2014 жылдан бастап 2020 жылдарға дейін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған.
2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс жасаған.
2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары.
2001 ж.- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2016 ж.- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2020 ж.- «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2021 ж.- «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
2021 ж.- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылғанына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2023 ж.- Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды
2025 жылғы 05 желтоқсанда Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен (№ 642-НҚ бұйрық) «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.