28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жамбыл облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақпарат көзі: Қазгидромет