БҚО-ның екі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Қуаңшылыққа қоса қаптаған киіктің кесірінен ауылдағы ағайынға мал азығын әзірлеу мұң болып тұр. Сондықтан қожалықтарға субсидия бөлініп, жеке тұрғындарға шөпті шалғайдан әкелуге көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар қаржы институттары шаруалардың қарызын кейінге шегеру туралы шешім қабылдапты. Жәнібек ауданында 118, Бөкей Ордасында 175 қожалық лизингке техника алса, қос ауданда 472 ауыл шаруашылық құрылымның борыштары бар.
Марат Сәрсеев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚОФ директоры:
- Арыз-талап түскен жағдайда жеке арыз қаралады. Яғни реструктуризация қаралып, жеңілдік жағын қарап беруге әзірміз. Реструктуризация дегеніміз —биылғы төлемдері болған жағдайда 24-тің төлемдері әрі қарай шегіндіреді. Графигін, төлем кестесін өзгеретеміз де. Сонда қиыншылық болмайды.