Хабар телеарнасы

БҚО-да су тасқынының салдары жойылып жатыр

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың бірі - Батыс Қазақстан облысы. Өңір тұрғындарын тек баспанамен қамтуға 70 млрд теңге керек. Қазір қаржы мәселесі толық шешілген.

Орал өңіріне барған Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев аудандарды аралап, құрылыс қарқынымен танысты. Осы аймақтағы Теректі, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі аудандарында - 401, ал Орал қаласында 374 тұрғын үй салынып жатыр. Облыс орталығында саяжай иелеріне 2 мыңдай пәтер сатып алу көзделсе, 700-ден астам отбасына пәтер кілті табысталған.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Нарықта ол пәтерлер бар, броньда тұр жаңадан салынған. Екінші нарықтан  жақсы сапасымен алатын боламыз. Тиісті қаражаттарын қарастырып жатырмыз. Осы немесе келесі аптада Үкімет қаулысы шығады. КПО ақшасын біразын осы облысқа аударатын боламыз. Шамамен 25-30 млрд. Сонда ғана 100% қаржымен қамтамасыз етеміз деп айтуға болады.