Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-23 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болады.