Еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, көктайғақ болады
Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.