Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 53 жолаушы құтқарылды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейді. Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында 27 градусқа дейін қатты аяз. Ал Қарағанды облысында соңғы үш күнде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеді. Құтқарушылар жолда қалған 53 жолаушыға көмекке барған. «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Сарышаған елді мекенінен 5 шақырым қашықта автобус сынып қалған. Ондағы жолаушылардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Жолаушылар жақын маңдағы жылы жерге жеткізілді.