Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік нығайып келеді

Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік нығайып келеді. Ghalam бірлескен компаниясы соған дәлел. Бұл Орталық Азиядағы жобалаудан бастап 6 тоннаға дейінгі спутниктерді толық сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін бірегей кешен. Оның әлеуеті зор. Мәселен, бүгін Мемлекет басшысы Моңғолияға ресми сапары аясында жерді қашықтан бақылау, ғарыш жүйесін құру мақсатында инвестициялық келісімге қол қойды. «Ынтымақтастық аясында бірлескен жерсерігін әзірлеу жоспарда»,– дейді мамандар. Олар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жағдайына мониторинг жасау және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдау үшін қолданылады. 

Бауыржан Алматов, Ghalam компаниясының басшысы:

-KazEOSat-MR жобасы басталды. Сол жоба бойынша Ghalam компаниясы 3 ғарыш аппаратын шығарады. 2027 жылға дейін Моңғолиядағы ICT GROUP әріптестерімен 4-ші аппаратпен қосылуға келісімге қол қойды.