Хабар телеарнасы

Астанада ауа райының бұзылуына байланысты дабылды ескерту жарияланды

Астанада ауа райының бұзылуына байланысты дабылды ескерту жарияланды

Бұл туралы astana.gov.kz сайтына «Қазгидромет» хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша бұл күндері Астанада қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

«9 қаңтарда күндіз, 10-11 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құраса, 11 қаңтарда оның екпіні 25 м/с-қа жетеді деп күтілуде. Дабылды ескерту ықтималдығы – 90-95 %», – делінген хабарламада.

Астана қаласы ТЖД-нің мамандары қалалықтардан қырағылық танытып, төтенше жағдайлар кезінде «112» телефоны бойынша шұғыл қызметтерге хабарлауды сұрайды.