Астанада ең жас футболшылар арасында республикалық турнир өтті
Астанада 2016 жылы дүниеге келген өрендер арасында аладоп аламаны болды.
Еліміздің әр өңірінен келген 8 команда жергілікті спорт мектебінің жасыл алаңында өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жарыс қортындысы бойынша елордалық №8 спорт мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Үштікті қарағандылық өрендер түйіндеді. Футболдың әліппесін енді ғана қолға алған балалар үшін бұл – үлкен жетістік. Өйткені 8 жастағы аяқдопшылар осындай шағын турнирлер де ғана бас қосып жатады. Ел футболының ертеңіне баланған жас өрендердің шеберлігін шыңдап, тәжірбесін арттыру үшін осындай жарыстар ауадай қажет, - дейді мамандар.