Атырау облысындағы колледждерде жаңа бөлімдер ашылады
Атырау облысында алдағы 5 жылда 4,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Биылдың өзінде мұнай химиясы және машина жасау салалары үшін жоғары білікті мамандар даярланбақ. Сондай-ақ жергілікті компаниялардың өтініші бойынша колледждерде жаңа бөлімдер ашылады. Бұл бойынша қазірдің өзінде екіжақты келісім жасалуда. Реформа аясында оқытушылардың біліктілігін арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту көзделген. Студенттерді жатақханамен қамту көрсеткішін арттыруғада басымдық беріледі.
Данияр Орынбасаров, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:
- Жоспарға сәйкес көп жылдық тәжірибесі бар мамандарды жастар арасында шеберлік сыныбын өткізу, сонымен қатар ЖОО, колледж студенттерін өңірдегі ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өткізу жоспарлануда.