Шекарашылар ірі көлемде электронды темекі тәркіледі

  • 5
  • 23.09.2026, 18:40

Қостанай облыстық тергеп-тексеру департаменті мен шекара қызметінің бірлескен іс-қимылының арқасында заңсыз электронды темекі тасымалының жолы кесілді. Нәтижесінде 29 мыңға жуық вейп тәркіленді. Оның нарықтағы құны 288 миллион теңге. Елімізде  электронды темекіні таратуға, сатуға тыйым салынған. Осы заң талабының орындалуын қамтамасыз ету, зиянды затты тұтынушыға жеткізбеу, құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі,- дейді прокуратура қызметкерлері. Елімізге жасырын жолмен әкелінген электронды темекінің барлығы өртелді. 

Асқар Ахмедьяров, облыстық экономикалық  тергеп-тексеру департаментінің басқарма бастығы:

- Қостанай облысы бойынша тергеп-тексеру департаментімен қазіргі таңда ҚР ҚК  301 бабының 1-ші бабы бойынша заңсыз вейптерді кіргізу бойынша қылмыстық іс тергелуде. Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеуге жатады.