Хабар телеарнасы

Әскерлер A 400M ұшағында парашюттік жаттығуларды бастайды

Еліміздің әуе-шабуылдаушы әскерлері A 400M жаңа әскери-көлік ұшағында парашюттік жаттығуларды бастайды. Қазақстанға бұл ұшақ өткен жылдың соңында әкелінді. Бұл санаттағы ұшақтарды еуропалық Airbus авиаконцерні шығарады. Екіншісі аладағы уақытта келеді. Олар қазақстандық қарулы күштердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартып, құрлықтағы әскерлердің жауынгерлік даярлығын жаңа деңгейге шығаруы тиіс. Ол авиацияның тактикалық және стратегиялық талаптарына сай келеді. Экипаждардың оқу-жаттығуы Талдықорғандағы Әуе қорғаныс күштерінің базасында өтті. Енді A 400M ұшағының көмегімен броньды машиналар мен сарбаздарды еліміздің бір аймағынан екінші аймағына жылдам жеткізуге болады.

Әбдімәжит Жанахметов, ҚР ҚК Талдықорған әуе базасының командирі:

-Өткен аптада ұшақтың сипаттамалары тексерілді. Оған екі бронетранспортер мен екі Арлан тиелді. Десанттық бригадамен Балқаш аэродромына жетіп, кері ұшты. Тапсырма сәтті орындалды.