Республикамыздың басым бөлігінде суық ауа райы сақталады
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, түнде Ақмола облысында екпіні 25 м/с, кей жерлерінде бұрқасын, Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Қарағанды облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.