Еліміздің басым бөлігінде циклонның ықпалы сақталады
Сонымен байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып өтеді, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі мен бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, желдің күшеюі 15-20 м/с болады. Түнде Ақмола облысында бұрқасын күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетіп, бұрқасын болады, кей жерлерде тұман күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, тұман, Жамбыл облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында тұман болады.
Ақпарат көзі: Қазгидромет