Алдағы үш тәулікте еліміздің бірқатар аймағында күн суытады
Оған Ресейдің еуропалық аймағынан келе жатқан антициклон себеп. Ал еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірінде қар жауады деп күтіліп отыр. Әсіресе таулы аймақтарға көптеп ақ ұлпа түседі.
Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
– Астана қаласында 13 қаңтарда түнде және таңертең аздаған қар жауады және бұрқасын сақталады. Ал 14-15 қаңтарда жауын-шашынсыз және желсіз ауа райын күтеміз. Ауа температурасы үш күн бойы түнгі сағаттарда -19, -25, ал күндіз -18, -20 градус аяз болады. Алматы қаласында 13 қаңтар күні жауын-шашынсыз ауа райын күтеміз. Түнде тұман болуы мүмкін. Ал 14-15 қаңтар күндері қар жауады.