Хабар телеарнасы

АҚШ-та үскірік аяз

Арктикадан соққан суық желден АҚШ-тың басым бөлігінде аяз күшейіп, боран соқты. Әсіресе Колорадо штатында күн суып кетті. Қалың қар жауып, кейбір аудандарында сынап бағанасы -35 градуске төмендеген. Аяз салдарынан 4 адам ажал құшты. Аймақта қалың қар жауып, температура бағаны -35 градусқа дейін төмендеген. Ондаған мың тұрғын жарықсыз отыр. Жергілікті билік тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды. «Осындай аязда далада 20 минут жүрген адам үсіп қалуы мүмкін»,— дейді.