Бұл болашақ ұстаздар дайындауға арналған университет қабырғасындағы өмірдің комедия мен драмадан тұратын бірегей оқиғасы. Студенттердің әрқайсысы педагогикалық университетке әр түрлі себеппен келген. Университеттің лекция залдары, спорт залдары мен кітапханалары, жатақханадағы түнгі әңгімелер мен жасырын кештер – бәрі де оларды жақындастырып, студенттік өмірдің қызықты, кейде күрделі, ал кейде шым-шытырық шиеленіскен оқиғаларды бастан кешіреді. Шынайы сезімдер, жарқын күлкілер мен өмірдің өзекті сұрақтары бәрі осы сериалда тоғысады. Телесериал жастар арасындағы шынайы жағдайларды суреттей отырып, қазіргі таңда қоғам дертіне айналған жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. «Ел болашағы білімді ұрпаққа байланысты» деген ой түйеді.