Креативті индустрия – Қазақстан экономикасының жаңа қозғаушы күштерінің бірі. Бүгінде бұл сала миллиондаған инвестиция тартып, мыңдаған адамды жұмыспен қамтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Алайда көптеген қазақстандықтар үшін бұл бағыт әлі де беймәлім, ал ақпараттың жеткіліксіздігі оның дамуын тежейтін негізгі факторлардың бірі болып отыр.
«Creative Kazakhstan» жобасы көрермендерді креативті экономика әлеміне жетелейтін жолбасшыға айналады. Бұл шығармашылықтың сұранысқа ие өнімге, тың идеяларға және нақты инвестицияларға ұласатын кеңістігі. Жоба арқылы көрермен Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастырып жүрген, инновациялық индустрияларды дамытып, креативтіліктің тек шабыт көзі ғана емес, ел экономикасының қуатты ресурсы екенін дәлелдейтін тұлғалармен және бастамалармен танысады.