Еліміздің кейбір аймақтарында қар жауады
Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын, тұман күтіледі, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын күтіледі.