Қазақстанда 2026 жылы бірінші өңірлік климат саммиті өтеді
БҰҰ Болашақ саммитінің пленарлық отырысында еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сөз сөйледі. Цифрлық трансформация, Қазақстанның ядролық қарусыздану жолындағы жетістіктері мен экологиялық мәселелерге тоқталды.
Еліміз 2026 жылы алғашқы өңірлік климаттық саммитті өткізуді жоспарлап отыр. Сарапшылардың пайымдауынша жаһандық жылынудан Орталық Азия қатты зардап шегуі мүмкін.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
- Болашақ туралы Пактіде бекітілген тиімді көпжақтылық бүгінгі таңдағы бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерді еңсерудің негізгі құралы болуы керек. Сондықтан қазіргі саммит Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесін кешенді реформалауға бағытталған уақытылы үндеу. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев айтқандай, орта деңгейдегі мемлекеттердің және дамушы әлемнің дауысы Қауіпсіздік Кеңесінде анық естілуі керек.