Еліміздің кей аймақтарында ауа температурасы төмендейді
Мәселен, қаңтардың 22-26 аралығында Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады. Түнде сынап бағанасы минус 35-тен 40-қа дейін жетуі мүмкін. Кей өңірлерде қаңтардың 24-інен бастап екі күн бойы қатты аяз тұруы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 32 градус нөлден төмен, кей өңірлерде минус 35 болуы ықтимал. Алдағы бір аптада Қостанай облысында да қатты аяз болады. Сынап бағанасы минус 38-ге дейін жетуі ықтимал. Ал елорда Астанада қаңтардың 23-26 жұлдызы аралығында күн қатты суытады. Түнде минус 40, ал күндіз 32 градус нөлден төмен болуы мүмкін.
Ақпарат көзі: Қазгидромет