Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде аяз күшейеді
Синоптиктер мұны солтүстік-батыстан жылжитын арктикалық антициклонмен байланыстырып отыр. Болжамға сенсек, республиканың шығысында жаңбыр мен қар жауады. Бұрқасын мен көктайғақ болады. Батыс өңірде сынап бағанасы түнде 30 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы -38 градусқа жетіп, аяз болады деген болжам бар.