Түркістан облысында транзиттік тасымалға арналған көпір кеңейтілді

  • 4
  • 22.09.2026, 18:42

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында да республикалық маңызы бар ескі көпір жаңартылып жатыр. Мемлекеттік шекара арқылы халықаралық транзиттік тасымалды жандандыру мақсатында өткелдің ұзындығы 168 метрге ұзартылды. Қазір негізгі тіректер орнатылып, асфальт жабынын төсеуге дайындық жасалуда. «Қорғас – Ташкент» жолының 756-шы шақырымындағы Сарап-хана елді- мекені маңында жаңа жол-айрық пен автокөлік өткелінің құрылысы да аяқталуға жақын. Жол жиегіне жарық жүйесі тартылып, арнайы белгілер орнатылды. Бұл 2 жоба өңірдегі көлік қозғалысын жақсартып, жол қауіпсіздігін арттыруға зор мүмкіндік береді.