12 оқу орны атом энергетикасына маман даярлайды

  • 4
  • 22.09.2026, 18:43

Қазақстан атом энергетикасына қажетті мамандар дайындап жатыр. Бүгінде еліміздің 12 жетекші оқу орнында ядролық физикадан бастап, атом электр станциясы және ақпараттық технологияларға дейінгі бағыттарды қамтитын білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл салаға 2000 жылдан бері 4 мың 500 маман даярланған. Қазір 1 жарым мыңнан астам жас, білім алып жатыр. Елімізде салынатын алғашқы атом электр станса құрылысына шамамен 10 мың 800 маман тартылады. Іске қосылғаннан кейін екі энергоблоктың жұмысын қалыпты пайдалану үшін 1 мың 800 қызметкер қажет болады.

Қазір салаға қажетті маман даярлау ісіне баса мән беріліп отыр. Студенттер ядролық физиканың негіздерін және осы саламен байланысты заманауи технологияларды меңгереді. Шетелдердегі оқу орындарымен өзара келісімге сәйкес өзге елдерде де оқып, тәжірибесін шыңдайды.