Ақмола облысында 60 жылдық көпірдің орнына жаңа өткел ашылды

  • 5
  • 22.09.2026, 18:42

Ақмола облысында «Жақсы-Есіл-Бұзылық» бағытындағы трассада жаңа көпір пайдалануға берілді. Ұзындығы 255 метр болатын жол нысаны 60 жыл уақыт пайдаланылған ескі өткелдің орнына салынды. Қазір көлік қозғалысы толықтай ауысқан көпір, өңірдің көлік-логистикалық саласында ерекше маңызға ие. Себебі, Ақмола облысын Астанаға, сондай-ақ, Қостанай өңірі одан әрі Ресеймен осы жол байланыстырады. Құрылысы үш жылда аяқталған жобаға қазынадан 5, 5 млрд тг жұмсалды.

Дархан Иманашев, «Қазавтожол» ҰК АҚ басқарма төрағасы:

- Президенттің тапсырмасына сәйкес жыл сайын Ақмола облысында 70 млрдтың көлемінде әртүрлі жұмыстарға қаражат бөлінеді. Оның ішінде орташа жөндеу, күрделі жөндеу. Оның аясында скл. соңғы екі жылдың ішінде жолдардың қанағаттанарлық көрсеткіші 89%- 96% дейін ұлғайды.

Светлана Бекжанова, Бұзылық ауылының тұрғыны:

- Бұрынғы көпірдегі жолымыз қиынырақ болды. Қазір жолымыз кішкене қысқарып, өте қауіпсіз деп ойлаймын.  Құтты болсын, жолымыз ашық, көпіріміз берік болсын.